Бос лауазымға тағайындау конкурсы


«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
Мектепке дейінгі тәрбиеші (декреттік демалыс мерзіміне)
Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:
"педагог" (санаты жоқ):
педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:

Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу;
жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуға жеке көзқарас жүргізу;
бірлескен пресипетивалық жоспар мен циклограмма жасау;
оқушылардың білім, білік және дағдыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз ету;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынас жасау;
әдістемелік жұмыстарға қатысуға; балалардың дамуын диагностикалау; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгереді, сандық білім беру ресурстарын қолданады.
"педагог-модератор":
"педагог" (санаты жоқ) санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі керек:
Стандартта қарастырылған балалардың білім, бейім және дағдыларды алуын қамтамасыз ету,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге жеке көзқарас енгізу,
перспективалық жоспар мен циклограмма жасау,
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану,
аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысу,
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтау,
білім беру ұйымдары деңгейінде тәжірибені кеңейту,
білім беру ұйымдары деңгейінде байқаулар мен жарыстарға қатысушылары болуы қажет.
"педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
Стандартта көрсетілген тәрбиеленушілердің білім, бейім және дағдын алуын қамтамасыз ету,
перспективалық жоспар және циклограмма әзірлеу,
балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажет балаларды, диагностикалау тетігін меңгеру,

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту,
балалардың аудандық, қалалық, конкурстарға қатысуын жүзеге асыру,
әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру,

ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдысын меңгеру,
тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау, білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.
"педагог – зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
балалардың қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;
тәлімгерлікті тәжірибе енгізу;
көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым қатынас жасау дағдыларын меңгеру;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;
сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу,
оқу бағдарламаларын, тәрбиелеу және оқыту әдістемелерін әзірлеу бейімі мен дағдыларын меңгеру;
балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру,
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлау.

Ағылшын тілі мұғалімі
Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика мен психологияны,
пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
59. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады
2) "педагог-модератор":
"педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,
конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:
қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды,
облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлайды,
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.

Мекен жайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Коваленко 71 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, эл пошта Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..Тел 8-715-43-2-14-98, 2-27-47. Конкурс 2023 жылдың 18тамызы күні сағат 10.00 де өтеді

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО Есіл ауданы Явленка селосы Коваленко көшесі 71
Тел.: 8(71543) 2-14-98
Пошта:yavlenka-3@mail.ru


Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2024 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx