"Кім көп біледі?" блиц-турнир
2023 жыл 12 қазан мектебімізде мұғалімдердің арасында логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін арттыру мақсатында "Кім көп біледі?" блиц-турниры өтті.Мұғалімдер білім салалары бойынша сұрақтар, логикалық және жалпы сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін ортаға салды. Қорытындысында І орынды бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Тәттігүл Есентаевна, ІІ орынды Серикова Айқын Қайыргелдіқызы- ағылшын тілі мұғалімі, ІІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі - Ерғалиева Ақнұр Түлкібаевна иеленді.Құттықтаймыз!