14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ.
14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ. Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы #3 Явленка орта мектебінде "АМАЛ" мерекесін атап өттіІ.
Таң сәріден мектепке келген мұғалімдер мен оқушыларды әріптестері мен сыныптастарын 9 б сынып жетекшісі Мустафина Ф.Т. бауырсақ таратып,құшақ жая қарсы алып, төс қағыстырды. Бұл мектептің оқушылары "Көрісу "күнінің мән-мағынасын жастайынан біледі, әрі Наурызды жыл сайын көрісуден бастайды.