Меню KDT

Новости

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер

24.01.2023
Просмотров: 6
24-қаңтар бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Тәттігүл Есентаевна "Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыратын әдіс-тәсілдер " тақырыбында шеберлік сынып өткізді . Шеберлік сынып барысында оқушылар әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,нәтижелі жұмыстың өтіп жатқанын дәлелдеді.
Толығырақ >>

Бастауышым бастамам

24.01.2023
Просмотров: 7
Бүгін мектебімізде "Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған" атты бастауыш сыныптар апталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатында директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Темірболатова Н.Б. құттықтау сөз айтып, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Кабдушева Ә. А. апталық жоспарымен таныстырып өтті, 1-сынып оқушылары ән, билерімен өнерлерін ортаға салды.
Толығырақ >>

Викторина

23.01.2023
Просмотров: 9
Қаңтардың 20-ы күні "Жиренше" дебат клубының жетекшісі Кабдолова А.О мектепішілік пікірталас өткізді Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі апталығы аясында кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінде 20 қаңтарда орыс тілі пәнінің мұғаілімі Рахметова Ж.А. 5-6 сынып оқушыларымен ителлектуалдық викторина өткізді.
Толығырақ >>

Алкоголь бұл құрдымға қадам

20.01.2023
Просмотров: 12
19 қаңтар  мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Б. Мустафин мен әлеуметтік педагог Т. К. Какенованың ұйымдастырумен 11 «а», «б» сыныптарында «Алкоголь бұл құрдымға қадам» атты сынып сағаттары өтті. Ондағы мақсат  оқушыларды салауатты өмір салтына  тәрбиелеу.
Толығырақ >>

"Зерде" зерттеу жобасы

21.11.2022
Просмотров: 45
2022 жылдың 4 қарашасы Петропавл қаласында өткен "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар сайысына қатысқан 3а сынып оқушылары Бұқан Әділ мен Нұрмұқан Фархад жүлделі ІІІ орынға ие болып, мектебіміздің мерейін арттырды. Оқушыларымыз бен жетекшісі Пшанова Тәттігүл Есентайқызына алдағы уақытта жеңістеріңіз көп болсын деп тілейміз! 💐💐💐
Толығырақ >>

Құттықтаймыз

17.11.2022
Просмотров: 38
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен "Сүйем сені, менің Қазақстаным " шығармашылық жұмыстар облыстық сайысының аудандық кезеңі біздің оқушылар үшін өте нәтижелі болды. Мәнерлеп оқудан Ержан Алина І орын, Эргошбай Аягөз І орын, Төлепберген Азамат ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
Толығырақ >>

Алғыс хат

22.09.2022
Просмотров: 78
22 қыркүйек күні Петропавл Білім- иновация лицейінің директоры Қоңырбаев Е.С. Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жарасбаева Г.К.және мектеп ұжымын еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жолында белсенді қызмет атқарып , өскелең ұрпақтың дарындылығын айқындау жолында қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады. <img
Толығырақ >>

Қамқоршылық кеңес

05.09.2022
Просмотров: 85
Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 2 тарауының 5 тармағы негізінде Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлайды. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесіне жаңадан екі мүше болуға үміткерлерді ұсынуларыңызды сұраймыз. Мектеп әкімшілігі
Толығырақ >>

Мектепке жол

28.07.2022
Просмотров: 147
ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕБЕПТЕР БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ КЕЛМЕУІН АЛДЫН АЛУ
Толығырақ >>

Опрос

Статистика

  • Осы айда148
  • Осы аптада21
  • Кеше5
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки